Ішкі Істер органдарына білікті кадр мамандарын даярлау мақсатында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтындағы әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі» кафедрасы Ақтөбе облысының МҚҚБ ҚР ІІМ мен ішкі істер органдары қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынастық серіктестікті жалғастыруда. Әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасы институттың кәсіби құрылымдық бөлімшесі болып табылады, яғни, ішкі істер органдарына әкімшілік-құқық бағыты бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады және осыған байланысты іс жүзіндегі қызметкерлерді тарту оқылатын пәндердің тақырыбы мен, ерекшелігіне сәйкес жүзеге асырды. Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасында құқық қорғау органы қызметкері шақырыла отырып, өткізілетін сабақтар тыңдаушыларға теориялық пәндер ережелерін терең меңгеруге жәрдемдеседі. Мысалы, кәсіптік даярлау пәні қолданбалы заңды пән бола отырып, тәжірибелік сипатын сақтайды және оны Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта заңнамаға сәйкес қолданылып жатқан практика нормаларына оқшау қарауға болмайды.
2017 жылғы 23 маусымда әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушы полиция подполковнигі Ж.А Аюповтың басшылығымен «Күзетілетін аумақтарда құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу тактикасы» тақырыбындағы дәріске жоспардан тыс ҚР ІІМ қызметкері Ақтөбе облысының полиция капитаны А.В Гулей қатысты. Дәріс кезінде төрт сұрақ қарастырылды:
- Күзетілетін аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ССО қызметкерлерінің тиісті лауазымдық нұсқауларын жүзеге асыруы.
- Объектілі режим ішіндегі өткізу билетін сапалы ұйымдастыру.
- Шаруашылық жүргізуші субъектілерімен күзетілетін объектілерде инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі талаптардың орындалуы.
- Күзетілетін аумақтарда құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу тактикасы.
Бұл дәрістің негізгі мақсаты ішкі істер органының жұмысымен және құқық негізінің ерекшелігімен, әдісімен танысу. Қорытындылай келе,біз қойған мақсатқа қол жеткіздік деуге болады. Бұл ретте қорытындылар нормативтік толықтырылуға сәйкес негізделді.
Ж.А.Аюпов
ӘҚж ІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі