Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының кафедра апталығы аясында өткізілген «Ашық есік күні»

2018 жылы 22 қарашда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедра апталығы аяасында ашық есік күні өтті.
Іс-шара жастардың мамандық таңдауын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған  Ақтөбе қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп гимназиясының отыздан астам оқушылары қатысты. Қонақтар назарына институт және курсанттардың өмірі туралы үгіт-насихат бейнеролик көрсетілді. Әр қатысушы оқу орны туралы ақпараты бар сыйлық буклетін алды.
Акт залында іс-шараға қатысушылар алдында әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының өкілдері сөз сөйледі, олар Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына түсу тәртібі, әскери-дәрігерлік комиссия және кешенді кәсіби-психологиялық тексеруден өту туралы айтты.
Сөз соңында, барлық  қатысушылар институттың оқу материалдық базасымен таныстырылды. Ұйымдастырылған экскурсия барсында қонақтардың назарына институт палигоны бірқатар оқу аудиториялары, ІІО мұражайы көрестілді.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді. 

ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
бастығының орынбасары
полиция майоры
Р.С.Ізбас

 
IMG-20180505-WA0021 IMG_0185