«Жастар жылы» және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойын атап өту шарасы аясында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының қызметкерлері кадр жұмысы бөлімімен бірлесе отырып, 2019 жылдың наурыз айының 5 күні институттың тұрақты құрамы арасында әскери-спорттық эстафета өткізді.
Әскери-спорттық эстафета бірнеше кезеңнен тұрды: кедергілерден өту, күш жаттығуларын орындау, газтұтқыш кию және тапанша мен автоматты шашып жинау.
Аталған іс-шараны өткізу барысында жарыс ережесі мен турнир-кездесу кестесі жасақталды және 5 наурызда институттың спорт залында іс-шараның ашылуы болды.
Әскери-спорттық эстафета қорытындысы бойынша аталған командалар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
1-орын – «Сұңқар» командасы (білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімінің, әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының және кезекші бөлімінің қызметкерлері);
2-орын – «Қазақстан» командасы (жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесінің, оқу-саптық бөлінісінің, қылмыстық құқық және криминалистика кафедрасының қызметкерлері,)
3-орын – «Арлан» командасы (күндізгі оқу факультетінің, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының, жалпы құқықтық пәндер кафедрасының қызметкерлері).
Жарыс соңында жеңіске жеткен командаларға институт бастығы полиция полковнигі А.М.Сайтбеков және институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ғ.Ж.Сулейманова грамоталар табыстады.
ӘжДШД кафедрасы
бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
А.А. Мергалиев