Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жоспарына сәйкес қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Өлікті тексеру және сараптама тағайындау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөнгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы бойынша сот сараптама орталығының жоғары санатты сот сарапшысы Айжанова Зульфия Шынболатқызы, медицина ғылымының докторы, профессор, РАҒ академигі Төребаев Орынбасар Наурызбайұлы және қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сонымен қатар 1-2 курс курсанттары қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.С. Тайшыбаева болды.
Дөңгелек үстелдің жұмысын ашқан медицина ғылымының докторы, профессор, РАҒ академигі Төребаев Орынбасар Наурызбайұлы сот сараптамасы дәлелдеу құқығының институты болып табылатындығын және азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарастырған кезде ерекше мән беру керектігін түсіндірді. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығына осындай шараларды өткізуге ықпал еткені үшін алғысын білдірді. Профессор О.Н. Төребаев курсанттарға осы тақырыпқа байланысты қоғам назарына ілінген қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізгендігі туралы мысалдар келтіріп, көрнекі құрал ретінде өліктің бас сүйегін пайдаланды.
Ақтөбе облысы бойынша сот сараптама орталығының жоғары санаттағы сот сарапшысы Айжанова Зульфия Шынболатқызы өзінің баяндамасында сот сараптама орталығының жұмысына талдау ретінде Ақтөбе қалалық сотының қаулысымен шыққан сот-сараптама зерттеулерін өткізу кезіндегі өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Бұл жердегі өзекті мәселе соттардың процессуалдық құжаттарды дұрыс өңделуі болып есептеледі.
Курсанттар және оқытушылар Ақтөбе облысы бойынша сот сараптама орталығының жоғары санаттағы сот сарапшысы Зульфия Шынболатқызы Айжановаға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алып отырды.
«Өлікті тексеру және сараптама тағайындау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Барлық баяндамалар аталған тақырып шеңберінде баяндалды.
Дайындаған:
ҚПжК кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
С.М. Минайдаров