Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өртке қарсы оқу-жаттығу

2018 жылдың  11 қаңтарында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе закң институты аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына байланысты оқу-жаттығу өтті.

Аталмыш іс-шара қысқы уақыт кезінде өрт қауіпсізідігін сақтауға, өрт сөндіру әдістерін меңгеруге арналды.

Өртке қарсы оқу-жаттығу 3 кезеңмен өтті:

І) «Өрт, оның пайда болу ошақтары және оған қарсы шаралар» тағырыбында әскери және қызметті дайындық бойынша аға инспекторы полиция майоры Н.К.Сулейменов дәріс оқыды. Дәріс барысында өрттің түрлері аталды, қарсы тұру шаралары көрсетілді, электрлі және жылыту құрылғыларын (электр плиткасы, жылыту құралдары, электр шайнектер және т.б.)  пайдалану кезінде өрт кауіпсіздігін сақтау шаралары айтылды.

ІІ) Өрт қауіпсіздігін сақтау саласында арнайы курсы тамамдаған координация және жоспарлау бөлімінің бастығы полиция майоры А.Д.Иманов пен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының кабинет бастығы полиция капитаны Н.А.Салімгерей өрт сөндіру құралдарын пайдалану әдістерінмен тәжірибе түрінде көрсетті. Сонымен қатар, өрт сөндіргіш, гидрант, қауіпсіздік қолғаптары және қолда бар құралдармен (балта, күрек, құм, суы бар шелек, брезент және т.б.) өрттің алдын алу шараларын көрсетті.

ІІІ) Шынайы жағдайға мейлінше жақын етіп, институттың офицерлері мен курсанттары өрттің шығу ошағын жою және өрт сөндіру құралдарын тәжірибе жүзінде пайдалануды көрсетті. Бұл іс-шараға жауаптылар кылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.Минайдаров пен кабинет бастығы полиция капитаны Н.Салімгерей болды.

Сонымен қатар, кафедра оқытушысы полиция капитаны А.Ж.Қиюбек өрттен зардап шеккен және жанған заттардан уланған адамдарға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің тәсілдерін көрсетті.

Өрттің шыққанынан хабар алған кезекші бөлім инспекторы жоспар бойынша адамдарды қауіпсіз жерге шығару, өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау шараларын түсіндірді. Бастысы – жедел әрі жоспарлы түрде қимылдау.

Қорытындылай келгенде, бұл шараның мақсаты өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын еске түсіру және өорт сөндіруге қатысқан қызметкерлердің өрт сөндіру құраларын пайдалануды білуі болатын.

Аталмыш іс-шараны өткізуге жауаптылар қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері, жедел оқу-жаттығудың жетекшісі институт бастығының сап бөлімі жөніндегі көмекшісі полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев. 

 

ҚПжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны  А.Ж.Қиюбек

 
01