Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өрт қауіпсіздігіне нұсқама

2018 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері  азаматтық қорғаныс лейтенанты Убайдулаев У.И. және жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесінің жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторы Елдесов С.Е.  1 «А» және 1 «Б» курс курсанттарына өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау және өрт жағдайында курсанттардың жедел жауап қайтаруға бағытталған өрт қауіпсіздігіне нұсқама жүргізілді. Өрт қауіпсіздігіне нұсқаулық жүргізу- бұл Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралардың бір бөлігі. Нұсқаулық барысында курсанттарға өрт пайда болған жағдайда жасалатын дұрыс іс-әрекеттер, қорғаныс құралдарын пайдалану туралы жеткізіліп, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің талаптарымен тәртіптері түсіндірілді. Өрт жағдайында өрт сөндіргішті дұрыс әрі жылдам пайдалану көрсетілді. Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері  азаматтық қорғаныс лейтенанты Убайдулаев У.И. қорыта келгенде нұсқаулық өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет екендігін атап өтті.

 

Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесінің жұмылдыру жұмысы және 

азаматтық қорғаныс инспекторы

полиция старшинасы

Еледесов С.Е.