2018 жылғы 26қазандаҚазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласы бойыншатөтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғаныс лейтенанты А.Б.Джасамбаев пенжұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторы полиция лейтенанты Елдесов С.Е. 1 «А», 1 «Б» жәнеде 2«А» курс курсанттарына өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау және өрт жағдайында курсанттардың жедел жауап қайтаруға бағытталған өрт қауіпсіздігіне нұсқама жүргізді. Өрт қауіпсіздігіне нұсқаулық жүргізу – бұл Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралардың бір бөлігі. Нұсқаулық барысында курсанттарға өрт пайда болған жағдайда жасалатын дұрыс іс-әрекеттер, қорғаныс құралдарын пайдалану туралы жеткізіліп, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің талаптарымен тәртіптері түсіндірілді. Өрт жағдайында өрт сөндіргіш кранды және өрт сөндіргішті дұрыс әрі жылдам пайдалану көрсетілді. Ақтөбе қаласы бойыншатөтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғаныс лейтенанты А.Б.Джасамбаев қорыта келгенде нұсқаулық өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет екендігін атап өтті.
Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесінің жұмылдыру
жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторы
полиция лейтенанты
С.Е.Елдесов