Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Өрт қауіпсіздігіне нұсқама

2019 жылғы 21маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ақтөбе қаласы бойыншаТөтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғаныс майоры Д.Т.Имангазин мен институттыңжұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс инспекторы полиция аға лейтенанты С.Е.Елдесов арнайы бастапқы оқыту курсыныңтыңдаушыларына өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау және өрт жағдайында жедел жауап қайтаруға бағытталған өрт қауіпсіздігіне нұсқама жүргізді. Өрт қауіпсіздігіне нұсқаулық жүргізу – бұл Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында міндетті түрде жүргізілетін іс-шаралардың бір бөлігі. Нұсқаулық барысында тындаушыларға өрт пайда болған жағдайда жасалатын дұрыс іс-әрекеттер, қорғаныс құралдарын пайдалану туралы жеткізіліп, сонымен қатар, өрт қауіпсіздігінің талаптарымен тәртіптері түсіндірілді. Өрт жағдайында өрт сөндіргіш кранды және өрт сөндіргішті дұрыс әрі жылдам пайдалану көрсетілді. Ақтөбе қаласы бойыншаТөтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғаныс майоры Д.Т.Имангазин қорыта келгенде,нұсқаулық өмірдің әртүрлі жағдайларында қажет екендігін атап өтті.

Жоспарлау, үйлестіру және бақылау

бөлімшесінің жұмылдыру жұмысы

және азаматтық қорғаныс инспекторы

полиция аға лейтенанты

С.Е.Елдесов

 
IMG_9853