Тәрбие жұмысы бөлімінде 2 психолог қызмет атқаратын психологиялық жеңілдеу бөлімшесі жұмыс жасайды.
Психологтың жұмысы ҚР Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі №147 бұйрығымен бекітілген ішкі істер органдары инспектор-психологтарының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ережеге негізделеді.
Психологтар қызметінің негізгі міндеттері:
1) ІІО-ға қызметке және ІІМ-нің оқу орындарындағы оқуға қабылданатын адамдардың, ІІО жүйесінде басқа лауазымдарға қызметке ауысатын қызметкерлердің кәсіби психологиялық жарамдылығын анықтау, олардың кәсіби тапсырмаларды орындауға психологиялық әзірлігін болжау;
2) ІІО жеке құрамының жедел-қызметтік жұмысын психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру, қызметкерлердің жұмысқа кэсіби қабілеттілігін қалпына келтіруді және психологиялық оңалтуды жүргізу;
3) қызметтік (оқу) ұжымда қолайлыпсихологиялық климат қалыптастыру, оларда әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу, қызметкерлерге психологиялық консультация беру;
4) жеке құрамды кэсіби психологиялық даярлау, ІІО-ның, ІІМ оқу орындарының қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсету болып табылады.
2017 жылғы қаңтардан қазірге дейін келесі шаралар өткізілді.
Институт қызметкерлеріне және тыңдаушыларына психологиялық көмек көрсету, қызметтік және оқу ұжымдарында қалыпты психологиялық климатты қалыптастыру, әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды жүргізу, қызметкерлерге психологиялық кеңес беру, сонымен қатар, жеке құрамды кәсіби психологиялық дайындау мақсатында 2017 жылдың 1 тоқсанына жұмыс жоспары әзірленді және институт бастығымен бекітілді.
Жоспарға сәйкес тұрақты және ауыспалы құрамның қызметтік әрекетін анықтау кезінде келесідей тексерулер өткізілді, тексеруге 369 адам қатысты:
- алғашқы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен және 1 курс курсанттарымен атыс даярлығы пәні бойынша тәжірибелік сабақ алдында жүйкелі-психологиялық тұрақтылықты анықтау үшін тест өткізілді. Тестілеудің әдістемесі жүйкелі-психологиялық тұрақтылықты анықтау. Тестке 269 тыңдаушы қатысты;
- 30 курсант пен тыңдаушылар психологиялық бақылау группасына қосылды;
- 6 қызметкер табельдік қаруды бекіту алдында диагностикадан өтті. Сараптама жауаптары әртүрлі кездегі психикалық қызметтің жағдайын және тәртіптің ерекшелігін нақтылауға мүмкіндік береді.
Ауыспалы құрам арасында моральді-психологиялық жағдайды анықтау үшін әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіліп, оған 269 тыңдаушы қатысты. Зерттеу қорытындысы бойынша басшыларына нұсқаулар берілді.
Сондай-ақ, институттың жеке және ауыспалы құрамы арасында суицидтік деректерді ескерту, алдын алу және болдырмау мақсатында аталған бағыт бойынша жоспар құрылды. Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, институттың барлық құрылымдық бөліністерінің (қызметтер, бөлімдер, кафедралар) басшыларына қызметкерлердің психологиялық денсаулығын қалпына келтіруге және оңалтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жүйке-психикалық тұрақтылық деңгейі төмен, күйзеліс жағдайындағы алаңдаушылық кезіндегі қызметкерлердің жай-күйі туралы нұсқама жіберілді. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің қиындықтары жағдайларын анықтау бойынша, жасырын динамикалық қолдау көрсету және басшылар мен ұжым тарапынан жан-жақты көмек көрсету үшін барлық қоғамдық құрылым төрағаларына нұсқама жолданды. 1 курстың 100 курсантымен аутоагрессиялық тәртіп профилактика мақсатында суицидтік тәуелділікті анықтау «СР-45» тесті мен күйзеліске төзімділік әдістемесі өткізілді. Және де тұрақты және ауыспалы құрамға «ІІО қызметкерлерінің арасында суицидтің алдын алу» жадынамалары таратылды.