Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Балалар — біздің болашағымыз!

Бүкіл әлемде 1маусым – Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Бұл мейрам бүкіл әлемнің назарын балалар мәселесіне аударуды көздейді. Балаларды қорғау күні  әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтіледі.

Бүлдіршіндердің мерекесін тойлауда да Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қалыс қалмады. 2017 жылғы  31 мамыр күні институт қызметкерлерінің балалары мен Облыстық Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап, облыстық «Алақай» қуыршақ театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Облыстық «Алақай» қуыршақ театрының әртістері әртүрлі сайыстар, мултипликациялық кейіпкерлер бар музыкалық қойылымдар және де би көріністері мен қуыршақ көріністерін қойды.

Мереке барысында балалар «Маша и Медведь», «Мадагаскар» мультфильмдерінің кейіпкерлеріне қызығушылық танытты. Іс-шара екі тілде өткізілді.

Балғын қонақтар «Алақай» қуыршақ театры әртістерінің қойылған барлық сұрақтарына, жұмбақтарына қызыға жауап берді.  

Іс- шара соңында барлық қонақтар, ата-аналар естелік фотоға түсті.

 
02 03 03