Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас самбошылардың алатын белестері әлі алда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментінің бастығы полиция полковнигі А. Әбдіғалиевтің бекіткен ережесіне сай, 2017 жылғы 1-3 сәуір  аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында арнаулы әскери оқу орындары курсанттарының дене дайындығы мен олардың психологиялық деңгейін арттырып, қызмет бабына қажетті спорт түрлерін дамыту, оқу орындары арасында тығыз қарым- қатынас орнату мақсатында, генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаев атындағы I кубогіне арналған самбо және жауынгерлік самбо күресінен жарыс өтті.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары институттың мәртебесін көтеру мақсатында аталған жарысқа барып, жеңімпаз атанып қайтты. Өздерін жеңіс тұғырынан көрсете білген курсанттардан құралған 9 команданың ішінен командалық есептің қорытындысы бойынша институтымыздың құрама командасы 3-орынға табан тіреп, 57 келі салмақта 102-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Хамза Қазбек пен 68 келі салмақта полиция кіші сержанты Үсенов Мерей 1-орынды, 74 келі салмақта 104-оқу тобының курсанты қатардағы полиция Алимов Ерсын 2-орын, 82 келі салмақта 102- оқу тобының курсанты қатардағы полиция Ануарбеков Дамир 3-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Олардың жеңістері институтымызды бір марқайтып тастады. Жеңімпаздарға  оқу орнына оралған соң, институт бастығы полиция полковнигі С.И Қаракүшев алғыс жариялап, арнайы грамоталар табыс етті.

 
01