Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас дебатшылар жарысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқу-әдістемелік орталығы, күндізгі оқу факультеті және білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау)  бөлімі бірлесе отырып, 2017 жылдың 7 маусымында «Қазақстан полициясына 25 жыл» атты тақырыпта 1- курс курсанттары арасында дебат өткізді.

Мақсаты – өзекті мәселелерді шешуде қоғамдық өмірге белсене қатысуға шақыру, курсанттар арасында достықты нығайтып, патриоттық сезімді дамыту, ұлттық рухтың сезімін жетілдіре отырып, жаһандану жағдайында жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін анықтау.

Жарысқа 1-курстың 101-оқу тобынан 10 курсант екі командаға 5 адамнан бөлініп қатысты.

Жарыстың резолюциясы:

  • елімізде үштілділікті оң бағалау;
  • Қазақстан Республикасында білім беру әдістемесінің жаңа жолдарын жаңарту ұсынылды ;
  • Қазақстан жастары арасында интернет-тәуелділігімен күресу бойынша бағдарламалар ұсынылды.

Дебат жарысы қорытындысы бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар беріп, оларға сәттілік пен жеңіс тіледік.

Е.Төребеков

БСМжББ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

 

 
03 IMG_2369