2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы аясында КОФ-нің 1 «А», 1 «Б» және 2 «А» курс курсанттарының арасында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Не? Қайда? Қашан?» викторинасының 1-кезеңі өткізілді.
Викторинаның өткізілу мақсаты — болашақ заңгерлермен құқық нормасын зерттеу, конституциялық құқық, адам құқығы, сонымен қатар, басқа да заң саласы бойынша кәсіби білімдерін көтеру, азаматтық және патриоттық тәрбиелеу және оларды күнделікті қызметте қолдана білу.
Викторинаға әрқайсысы 5 курсанттан құралған 3 команда қатысты. Олар: «Юристы», «Стражники» және «Нұрсұлтан».
Ойынға қатысушы командаларға институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Г.Ж Сулейманова сәттілік тілегін білдірді.
Бағдарламаның өткізілу тәртібіне сәйкес ойын 3 турдан құралды:
1-тур — «Командаларды таныстыру», командалардың өз эмблемаларын және команда ұранын ұсыну.
2-тур — «Блиц-сұрақтары» (халықаралық құқық бойынша).
3-тур — «Капитандар сайысы» (мемлекеттердің астаналарын ажырата білу).
Викторинаға барлық қатысушылар тәжірибелік сайысты жариялау мақсатында өздерінің теориялық дайындықтары мен жақсы білімдерін көрсетті. Викторина қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан» командасы бірінші орынды жеңіп алып, 1 дәрежелі грамотамен марапатталды, сонымен қатар, команда «Не? Қайда? Қашан?» викторинасының символы болып табылатын естелік сыйлықпен — үкімен марапатталды.
Екінші орынды «Юристы» командасы, үшінші орынды «Стражники» командасы жеңіп алып, олар 2 және 3 дәрежелі грамоталармен марапатталды.
Викторинаның «Үздік капитан» номинациясын «Нұрсұлтан» командасының капитаны 2 «А» курс курсанты Юрий Володин иеленді, ал «Үздік қатысушы» номинациясы 1 «Б» курс курсанты Асель Дильмагамбетоваға берілді.
Іс-шара жылы достық қарым қатынаста, командалар арасындағы бәсекеге қабылеттілік пен тартыстылығы нәтижесінде қызықты өтті. Сонымен қатар, викторинаға қатысушылар іс-шараның өткізілу қорытындысы бойынша алдағы уақытта осындай ойындар жыл сайын аумақтық, республикалық және халықаралық деңгейде өткізілсе деген тілектерін білдірді.
Викторина қорытындысы бойынша «Не? Қайда? Қашан?» халықаралық викторинасының 2 кезеңіне жолдама алған жеңіп шыққан команда құрамына басқа да командалардың белсенді қатысушыларын қосуға шешім шығарылды.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.Нұрыш