2018 жылғы 27 ақпанда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Облыстық Ішкі саясат басқармасы «Шексіз алғыс» өзге ұлт өкілдері жастарының қатысуымен жастар акциясын өткізді.
Шараның мақсаты – жастардың бойында ризашылық пен алғыс туралы түсінікті дәріптеу, жас буынның үлкендерге, кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Аталған іс-шараға 1 А курсының 4 курсанты және институттың тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.Мухангалиева қатысты.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева