Кез-келген ұйымдарда спорттық жарыстар ерекше орын алатыны сөзсіз. Спорттық-жаппай және сауықтыру шаралары – спорттың қай түрі болмасын жастардың спортқа деген белсенділігін арттырады, әрі қызыға жасалған жүйелі жаттығулар, спорттық нәтижелердің өсуіне ықпал тигізеді.
Жарыстар – бұл спорт қызметіндегі негізгі элемент болып табылады. Олар болмаса, спорт өзінің ерекшелігі мен мағынасын жоғалтады.
Осыған орай, 2017 жылдың 11 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының футбол алаңында 23 маусым – Қазақстан полициясы күні шеңберінде 2, 4 курстары мен арнайы даярлық курстарының тыңдаушылары арасында мини-футболдан жарыс өткізілді. Алаңға 6 команда шығып, 2 топқа бөлініп бәсекеге түсті. Бұл ойыннан тек қана ойыншылар ғана емес, сонымен қатар мини-футболды тамашалап отырған жанкүйерлер де көңілдері оң эмоцияға толы болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей берілді:
- І орын — «Лестер» командасы;
- ІІ орын — «Монако» командасы;
- ІІ орын — «Барселона» командасы.
Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары болып келесі номинациялар табыс етілді: «Үздік шабуылдаушы» — арнайы оқыту курсының тыңдаушысы полиция сержанты А.Бекмурзинов, «Үздік қорғаушы» — 2 курсының курсанты, полиция сержанты Д. Галимов, «Үздік қақпашы» — 2 курс курсанты полиция кіші сержанты Н.Даулетов.
Қатысушылар ойыннан алған сергектілік пен топтық рухтарын нығайта түскенін айтты.
Жарысқа қатысушылардың барлықтарына алғысымызды білдіреміз!
А. Қосмұратов
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты