Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Уголовная ответственность несовершеннолетних» тақырыбында өткізілген ашық дәріс сабағы

2017 жылғы 14 маусымдағы  Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының  қылмыстық құқық және криминология кафедрасының  оқытушысы полиция майоры А.Р.Ерғалиев ҚР Қылмыстық құқығы пәні бойынша «Уголовная ответственность несовершеннолетних» тақырыбында 1 курстың 101 оқу тобының курсанттарына ашық дәріс сабағын  өткізді.

Ашық дәріс сабағын өткізу барысында әдістемелік әзірлемелер мен курсанттарға арналған әдістемелік ұсынымдар дайындалған. Дәріс сабағы әдістемелік тұрғыдан жақсы жоспарланған, әрі осы қысқа мерзім ішінде оқытушыға оқу сабақтарының  жаттығуларын орындауға ықпалын тигізді: өткен тақырыпты қайталау,  пәнаралық және ішкі пәндердің байланыстарын анықтау, дәрісханадан тыс өзіндік жұмыстардың нәтижелерін тексеру, болашақта тәжірибелік қызметі  үшін теориялық негізді ұғындыру.

Қарастырылған сұрақтар:

  1. Жасөспірімдерге қолданылатын жаза түрлері.
  2. Жасөспірімдерге жаза тағайындау.
  3. Тәрбиелік жазаның ықтиярсыз шаралары.

Оқытушының ашық дәріс сабағына институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен  оқу-әдістемелік орталығының бастығы полиция подполковнигі Р.Ө.Молдашев қатысты.

Оқытушының ашық дәріс сабағын өткізу барысын талқылау  процесі оң бағаланып, педагогикалық ұжымға таралуына лайық деп танылды.

І.Н.   Аяпбергенов
ҚҚжК кафедрасының доценті
полиция подполковнигі

 
04054013