2017 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қабырғасында «ІІО қызметкерлерінің арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырысқа келесі қонақтар қатысты:
- Ақтөбе облысы ІІД ЕБГ аймақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының эксперт-психологі Владимир Александрович Лебедев;
- Ақтөбе облысы ІІД ЕБГ психиатры Шамшырақ Қуанышқызы Машанова;
- Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Сабырұлы Қайрғали;
- Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Жайнагүл Айсұлтанқызы Жукаева.