Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Хабарландыру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

жұмысына қатысуға шақырамыз.

2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар — ғылым қызметкерлерімен қатар, құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдарының қызметкерлері, мамандар мен сараптамашылар,  оқытушылар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалым құқықтанушылары қатыса алады.

Конференция жұмысы келесі басты бағыттар бойынша жоспарланып отыр:

  1. Құқық қорғау органдарында әкімшілік қызметті жетілдірудің құқықтық аспектілері.
  2. Қазақстан Республикасында және шетелдік елдерде қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқарушылық саясатты жүзеге асырудың заманауи үрдістері мен проблемалары. Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алуы.
  3. Қылмыстық істер бойынша заманауи сотқа дейінгі іс жүргізулерді жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігі.

         4.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы және денешынықтыру  даярлықтарын жетілдіру. 

  1. Заңгердің заманауи болмыстағы құқықтық тәрбиесі мен тіл мәдениеті.
  2. Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық қызмет.

             Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс және ағылшын .

Ұсынылған материалдар конференция жұмысы басталғанға дейін жарияланады.

Қатысу шарты: конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың
15 қыркүйегінен
кешіктірмей, ұйымдастыру комитетіне өтінім (өтінім үлгісі ұсынылады) мен мәтінді қағазға басылған және электронды тасымалдағыштар түрінде жолдау қажет.

Конференция қатысушылары тегін жариялана алады.

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

5-8 парақ көлеміндегі мақала Microsoft Word пішімінде; Times New Roman қарпінде; өлшемі – 14; жол аралығы -1,5; жиек сызықтары: сол жағы – 2 см., оң жағы – 2 см., жоғары және төменгі жақтары – 2 см-ден. Сілтемелерді автоматты түрде қою қажет (Alt+ctrl+f).

Бірінші жолда – автор(-лар)дың тегі, аты-жөні, лауазымы, шені, ғылыми дәрежесі (бір баяндамада немесе мәлімдемеде үш автордан артық көрсетілу құпталмайды), бір жолдан кейін ұйым , қала, автор(-лар)дың еmail көрсетіледі.

Жоғарыда орта тұсында – баяндаманың аты бас әріптермен тасымалданбай, жартылай майлы әріптермен жазылады.

Бір жолдан кейін — мақала мәтіні. Қолданылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалданбайды. Материалдар барлық талаптарға сай мұқият редакцияланған болуы қажет. Аталған конференция тақырыбына, ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне бекітілген мерзімнен (2017 жылғы 15 қыркүйектен) кешіктіріліп ұсынылған мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді және авторға қайтарылмайды. Материалдар авторлық редакцияда жарияланылады.

Қатысуға өтінім

Автордың тегі, аты, әкесінің аты     ______________________________________

Жұмыс орны, лауазымы                    ______________________________________   

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы     ______________________________________

Арнайы (әскери) атағы                      ______________________________________ 

Мекеменің атауы                              ______________________________________ 

Мекеменің мекенжайы мен пошталық индексі ____________________________

Мақаланың тақырыбы _________________________________________________

Секция атауы              __________________________________________________

Қатысу нысаны (келіп қатысу/сырттай)    _________________________________

Мультимедиялық сүйемелдеудің қажеттілігі (егер қажет болса, қандай) _______

______________________________________ ______________________________ 

Байланыс телефондары, эл. пошта    _____________________________________

«Өтінімдерде» ешқандай қысқартулар мен аббревиатурларға жол берілмейді.

Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.

Жүріп-тұру, тамақтану шығындары конференция қатысушысының есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Курсанттар тас жолы  – 1, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе  заң институты. Қосымша мәліметтер алу үшін +7(7132) 98-80-37 телефоны бойынша (эл.почта: ; ) хабарласа аласыз.

                                           Игі құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ.