2017 жылғы 18 мамырда Облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Ұлы Отан соғысының батыры, жерлесіміз Әлия Молдағұлова ескерткішінің алдында «Ескерткіштер – ел тарихы» атты жобаның ашылу салтанаты өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жерге деген сүйіспеншілік, туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімді ояту негізінде жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналған «Туған жер» бағдарламасын көпшілікке насихаттауды мақсат еткен салтанатты іс- шараға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары да қатысты.
Тыңдаушылар қала студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, батыр қыздың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.