Қазақстан Республикасы ІІМ 2017 жылғы 12 қарашадағы №778 бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2 курс курсанттарын дербес бөлу кезекті комиссиясы өткізілді.
Дербес бөлуде бітіруші курс (қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша)100 адам қатысты.
Курсанттарды дербес бөлу комиссиясының отырысына облыстық ІІД және Көліктегі ІІД өкілдері келді. Дербес бөлу комиссиясын Қазақстан Республикасы ІІМ КЖД бастығы полиция полковнигі А.У.Әбдіғалиев басқарды.
Түлектерді дербес бөлу бойынша комиссияның жұмысы басталмас бұрын, интитут бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев институт аумағында таныстыру экскурсиясын жүргізді. Экскурсияда облыстық ІІД-ден келген өкілдерге институттың материалдық-техникалық қамтамыз етілуі мен ғылыми-педагогикалық потенциалы көрсетілді.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша курсанттардың облыстар арасында ауысу сұрақтары қаралып, өз шешімдерін тапты.
Комиссия отырысынан кейін институттың акт залында Қазақстан Республикасы ІІМ КЖД бастығы полиция полковнигі А.У.Әбдіғалиевке институтпен өткізілген кәсіби бағдар беру мен тәрбие жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. КЖБ-ның бастығы полиция подполковнигі Н.Кайргали және ТЖБ-ның бастығы полиция подполковнигі Ж.Жалғасбай баяндамамен сөз сөйледі.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ КЖБ