2018 жылғы 13 желтоқсанда Ресей Федерациясы ІІМ Уфа заң институтында «Ресей Федерациясы Конституциясының 25 жыл, Адам құқықғын қорғаудың жалпыға бірдей деклорациясының қабылданғандығына 70 жыл» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтіп, оған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі Гизатов Серік Бақытұлы қатысты.
Конференция басталғанға дейін 2018 жылғы 12 желтоқсанда институт бастығы полиция полковнигі Алексей Сефединович Ханахмедовпен және институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Алексей Юрьевич Тереховпен кездесу ұйымдастырылып, сонан соң институт аймағына экскурсия ұйымдастырылды.
Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы полиция полковнигі Гизатов Серік Бақытұлы «Алдын ала тергеу және анықтау кезінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері» атты баяндамасымен сөз алды.
Делегацияға қатысушыларға институт аймағына, Уфа қаласына, ондағы мұражайларға экскурсия ұйымдастырылып, Салават Юлаевқа арналған ескерткішке және Достық алаңына апарды.
Кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығы
полиция полковниғі
Гизатов Серік Бақытұлы