09 қазан 2018 жылғы Ектеринбург қаласы Ресей ІІМ Урал заң институтында өткізілген «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі элемент ретінде анықтау органының тергелуімен қылмыстылыққа қарсы әрекет стратегиясы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Наталия Александровна Чупринюк және жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Зина Зинелқызы Нұрышқатысты.
Конференция басталмас бұрын 2018 жылғы 17 қазанда институт басшылығымен, атап айтқанда институт бастығының уақытша міндетін атқарушы полиция подполковнигі Чугай Максим Сергеевичпен, сонымен қатар институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ирина Васильевна Гребенщиковамен және институт бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі полиция подполковнигі Людмила Анатольевна Васильевамен кездесу ұйымдастырылды.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикссы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.А. Чупринюк «Основная роль судебной экспертизы в уголовном судопроизводстве» тақырыбындағы баяндамасымен және №2 «Государственно-правовые и гражданско-правовые механизмы в системе мер противодействия преступлениям, подследственным органам дознания» секциясында Қазақстан Республикссы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИжалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі З.З. Нұрыштың «Принципы гражданского процессуального права» тақырыбындағы баяндамалары талқыланды.
Қатысушы делегация құрамына институт бойынша оқу орнының оқу полигондарына, мұражайға, сонымен қатар Екатеринбург қаласы бойынша «Высоцкий», «Ганина Яма» мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды.
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы полиция подполковнигі
Зина Зинелқызы Нұрыш