2019 жылғы 26 және 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасында мигранттардың құқығын қорғау және адам саудасына қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы ұлттық диалог шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова қатысып, жастардың көші-қон мәселелеріне байланысты баяндамасын ұсынды.
Аталған ұлттық диалог Қазақстан Республикасындағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ) / БҰҰ көші-қон агенттігі жүзеге асыратын «Абырой мен құқық» халықаралық дамыту жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) жобасы болып табылады.
26 қыркүйек күні дөңгелек үстел жұмысы жұмыс топтарымен ұсынымдар дайындау бойынша бірнеше секцияға бөлінді: «Көші-қон процестерін реттеу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша; мигранттардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша; Қазақстан Республикасында адам саудасы құрбандарына жәрдем беру және қорғау жөнінде; Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметке этникалық мигранттар мен ішкі қоныс аударушылардың қолжетімділігі жөнінде»; мигранттардың медициналық қызметке қолжетімділігі жөнінде; сонымен қатар, мигранттардың құқықтарын қорғауда жұмыс берушілердің жауапкершілігі мен адал жалдау мәселелері бойынша.
27 қыркүйек күнгі іс-шара бойынша Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің мүшесі Карибай Иманжанұлы Мусырман кіріспе сөз сөйледі және Қазақстан Республикасы ЕХӘҚМ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Тельманұлы Райганиев, Көші-қон бойынша халықаралық ұйымы бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Әлия Белоносова мен Светлана Жасымбекова, кәсіпкер әйелдер қоғамынан Салтанат Елеусізқызы Сыздыкова (Қызылорда қ.) саясат, заңнамалар және көші-қон және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құқыққолданушы тәжірибе саласындағы өзгерістерге қысқаша шолу жасады.
Еңбек етуші мигранттардың құқығын қорғау және адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық диалогтың бірінші күнгі қатысушыларының ұсынымдарын Ақтөбе қаласы, «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығынан Исхакова Наталья Федоровна, Теміртау қаласы, «Қайсар» ҰҚ-дан Оксана Тарабукина, Семей қаласы, «Оралмандардың бейімделу орталығы» ҰҚ-дан Айнұр Табилтай, «Петропавл қаласының Әйелдерге қолдау көрсету орталығы» ҰҚ-дан Алина Орлова, Қостанай қаласы, «Дамыту» ҚҚ-дан Нина Косюк таныстырды.
Диалог алаңы аталған іс-шараның қорытындысын шығарумен және қатысушылардың естелік суретке түсуімен аяқталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ
М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институтының
ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары
полиция полковнигі
Г.Ж. Сулейманова