Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілі ТЖБ-ның инспектор-психологі Исламгалеева Мадина Расуловна 22.04.2017 жылы Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Алға аудандық әкімшілігінде өткізілген «Әлеуметтік желінің қауіпсіздігі және оның жастарға ықпалы» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.
Семинардың басты мақсаты жастардың әлеуметтік желіге тәуелділігінің алдын алу болып табылады.
Семинар қоғамдық бірлестік директоры Батырхан Кайсар Батырханұлының, сонымен қатар Ақтөбе облысы Алға ауданы білім, ішкі саясат және құқық қорғау саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен өткізілді.