2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл (әлеуметтік және құқықтық аспектілер)» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» басым бағыты аясында зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында институттың профессорлық оқытушылар құрамымен 2017-2019 жылдарға арналған «Дін және қауіпсіздік: түсінік және заманауи мәселелері» тақырыбындағы ізденіс зерттеу жұмыстары шеңберінде, сонымен қатар институттың жедел-іздестіру кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.
Дөңгелек үстелге қатысқандар Ақтөбе облысы Білім басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы С.А.Бексенгалиев, «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы анализ және мониторинг бөлімінің бастығы, теолог Ш.Р.Нурмухаммет, Ақтөбе облысы бойыншаҰҚКД Халықаралық терроризм және діни экстремизм басқармасының аға жедел уәкілі ұлттық қауіпсіздік капитаны С.Т.Саттарқұлов, Ақтөбе облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Л.Б.Құрманбекова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ү.Қ.Сарсенбин және институттың басшы және профессорлық оқытушылар құрамы.
Дөңгелек үстелдің жұмысы сөз сөйлеу, сұрақтарға жауап беру және пікір алмасу түрінде өтті.