


Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Ұлтымыздың рухани негізгі тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараны оқу-әдістемелік орталығы және күндізгі оқу факультеті, білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі бастығы Нұрмұхамбетова Жанат Бердалықызы сонымен қатар, 1- курс оқу топтарының курсанттары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты- курсанттарды туған тіліне деген құрметке және патриоттық, отансүйгіштік қасиеттеріне баулу. Іс-шара барысында Қазақсан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дөңгелек үстел қатысушыларымен талқыланып, аталған тақырыпта мақалалар мен баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстелде курсанттар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Ісшара соңында қатысушыларға алғысхаттар тапсырылды.
Оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры А.А. Сағынтаева