Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақпарат

2017 жылы 29 наурызда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық-процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Р.Б. Молдыбаевамен криминалистика пәні бойынша «Тергеулік қарап-тексеру және куәландыру» тақырыбына ашық дәріс сабағы өткізілді. Дәріс сабағына институттың профессорлық -оқытушылық құрамы қатысты.

Оқытушы берілген тақырыптың мәселелерін қарау кезінде өткен сабақтың  материалдарымен, атап айтқанда, сот фотографиясы, габитоскапия, трасология, криминалистикалық техникамен логикалық байланыс орнатты. Жұмыс бағдарламасына сәйкес өткізіліп отырған дәрістің мақсаты оның педагогикалық және тәжірибелік қызметі ашылды. Көлемі және мазмұны жағынан дәріс материалдары жақсы құрастырылған, басқа да кәсіби пәндермен тығыз байланыстырылған (ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР қылмыстық құқығы, сот медициналық сараптамасы, жедел іздестіру қызметі, информатика, ҚР әкімшілік құқығы), курсанттарды жалпы кәсіби дайындыққа бағыт беруді қамтамасыз етеді.

Бірінші сұрақтың мазмұнын ашып көрсету кезінде қарап тексерудің түсінігі, түрлері, мақсаттары, жіктелуі қарастырылған.  Дәрістің екінші сұрағында оқиға болған жерді қарап тексерудің  жалпы қағидалары, ОБЖ-ны  қарап тексеруде қолданылатын техникалық құралдарға, хаттама, жоспар, оқиға болған жердің сұлбасын жасауға ерекше көңіл бөлінген.

Дәрістің үшінші сұрағында куәландырудың түсінігі мен жіктелуін қарастырған.

Дәріс пәннің жұмыстық жоспарына толықтай сәйкестендірілген және логикалық нысанда қатаң ұсталған. Дәрістің құрылымы түсінікті және дәрістің барысында тақырыпта жоспарланған барлық сұрақтар қарастырылған. Дәріс уақыты ұтымды бөлінген.

Оқытушы баяндалған материалды еркін меңгерген, тәжірибелік қызметтен мысалдар келтіріліп, фото – және видеоаппаратураны, бірыңғай криминалистикалық чемоданды  көрсетті.  Дәріс материалы электронды слайдтар түрінде және сызбалар, графиктер түрінде ұсынылған. Ол курсанттардың материалды қабылдауына және дамуына жәрдемдеседі. Дәріс тақырыбының кейбір аспектілерін нақтылау үшін тақта пайдаланылған. Дәрістің оқылу тәсілі өте жоғары деңгейде және қызықты. Материалды оқыту үрдісінде қарастырылып отырған сұрақтарға курсанттардың назарын аудару мақсатында аудиториямен байланыс орнатылды.  Дәріс сабағының аяқталуында сипатталған тақырыпта қарсатырылған мәселелердің негізгі сәттері қорытындыланды.

«ҚПжК» кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Р.Б. Молдыбаева