

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты баршаларыңызды 4-маусым мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды.
Көк аспанмен ұштасқан жалауымыз, елтаңба мен әнұранымыз еліміздің егемендігін айқындайтын, біртұтастығын бейнелейтін құнды нышандар, оларды қастерлеу- әрбір Қазақстан азаматына тән қасиет.
«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы»(с) Елбасы Н.Ә.Назарбаев