2018 жылғы 02 қазанда 2 «Б» курс курсанттары Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты концерттік іс-шара өткізді. Осы мерекеде институт басшылығы, институттың ауыспалы құрамы мен институттың профессорлық-оқытушылық құрамы және құрметті қонақ ретінде «Нұр Отан» партиясынан қалалық маслихат депутаты Юрий Владимирович Гончаров қатысты.
Қарттарға қамқор болу — біздің әрқайсымыздың парызымыз. Концертте курсанттар соғыс және еңбек ардагерлеріне, аға буын өкілдері мен тәлімгерлеріне парасатты ойлары, қиын сәттердегі қолдауы мен шыдамдылықтары үшін алғыс білдіріп, мерекелерімен құттықтады.
Аталған іс-шараға келесі курсанттар белсенді қатысты: 2 «Б» курс курсанттары — полиция кіші сержанты С.С.Бекқожаев, қатардағы полиция Н.Е.Тәліп, қатардағы полиция А.Б.Ермекбаева, қатардағы полиция Д.А.Орынбасаров, қатардағы полиция Т.Б.Кенебай, қатардағы полиция А.Х.Тобышбаева, қатардағы полиция Н.С.Кахар, қатардағы полиция
Н.Ә. Танабай, қатардағы полиция А.Рымжан.
2-курс бастығының
орынбасары
полиция майоры
Р.К Ракишев