2018 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығымен бекітілген кестеге сай, полиция майоры А.С.Махмутов ҚР әкімшілік құқығы пәнінен «Әкімшілік жауаптылық» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Ашық дәріс сабағында екі сұрақ қарастырылды.
1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі және негізгі белгілері;
2.Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.
Оқытушы курсанттарға аталған тақырыптың болашақ кәсіби қызметтерінде қолдану маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Ашық дәріс сабағына институттың оқытушылық-профессорлық құрамы және оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері қатысып, өткізілген сабақты «өте жақсы» деген бағаға бағалады.
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының
кабинет бастығы
полиция лейтенанты
А.А.Бейсенбаев