Бүгін Жұбанов университетінде Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын кеңінен тарқату мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру стратегиясы мен тәжірибесі» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты – ұсынылған сұрақтар бойынша ғалымдар мен мамандардың тәжірибе алмасуы.
Конференция жұмысында шетелдік және отандық экономист ғалымдар мен экономика саласының мамандары қатысты. Олардың қатарында: э.ғ.д., профессор Алексей Тяпухин (Ресей); э.ғ.к., доцент Алмаз Иниятоы (Өзбекстан); Ақтөбе облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дәмелі Кунанова; «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы Александр Алимпиев; «БЖЗҚ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Талаева, Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің» басшысы Нұртуған Уралбаевтар болды. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты атынан бастығы полиция полковнигі, з.ғ.к. С.И.Қаракүшев, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ж.Ж.Жалғасбай, жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Қ.Ерланұлы және институт курсанттары қатысты.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева