Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССКЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім және ғылымды  дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі – оқытудың инновациялық технологияларын ендіре отырып, қазіргі заманғы білім берудің ортасын қалыптастыру және жаңа тәжірибелік — бағытталған білім беру бағдарламасын әзірлеу болып табылады.
2018 жылдың 21-23 қарашада қылмысқа қарсы күресте құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Үйлестіру кеңесі отырысының 2.6 шешімін орындау аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге арналған ҚІ-модулді тестілік стендін орната отырып, «Электрондық қылмыстық іс» арнайы оқыту модулін ендіру туралы оқу курсы өтті.
Оқу курсын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің істі электрондық форматта енгізу бөлімінің бастығы Дүйсебаев Қанат Бакыткәрімұлы ашты.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті бөлімінің аға прокуроры Қанат Гыйлимханұлы Әлсейітов істі электрондық форматқа енгізу тәжірибе жүзінде қолдануды көрнекіліктермен көрсетіп түсіндірді.
Өткізілген оқыту курсының негізгі міндеті қылмыстық істер жүргізуді меңгеру дағдыларын жүзеге асыру және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты үйрену, қылмысты ашу және тергеу әдістемесі тактикасы жекелеген тергеу іс-әрекеттерін меңгеру болды. 
Оқыту курсына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары қатысты. Курста қатысушыларға қылмыстық істі тергеуді электронды форматта  дербес компьютерлерде арнайы бағдарламасымен танысу және дағдыларын меңгеру бойынша жұмыстар атқаруға мүмкіндік берілді.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушыларыболашақта курсанттарды дайындауда және біліктілігін арттыру курстарында оқыту үдерісінде енгізіліп, қолданылатын “Казтокен” тестілік форматына кіру  мүмкіндігін алды.
Жұмыс соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары, полиция полковнигі Г. Ж Сулейманова Қазақстан Республикасы Бас прокуратура қызметкерлеріне институт қызметкерлеріне ақпараттық-инновациялық оқыту курсын өткізгендері үшін алғыс айтып, оларға алғысхаттар табыстады.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының   оқытушысы
полиция майоры                                                               
С.М. Минайдаров