2019 жылғы 16 қаңтарда институттың акт залында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының апталығы аясында Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы пәнінен білімдері бойынша брейн-ринг өткізілді. Аталған іс-шараның өткізілу мақсаты — оқу үрдісінде алған білімдерін талдау және бекіту.
Іс-шараға 1 «Б» курсының («Стражники» командасы) және 2 «А» курсының («Нұрсұлтан» командасы) курсанттары қатысты.
Сайыс үш тур бойынша өткізілді:
1-тур — «Блиц-турнир»;
2-тур — «Иә және жоқ»;
3-тур — «Сөз тіркесін жалғастыр»
Барлық брейн-рингке қатысушылар жақсы білімдері мен теориялық дайындықтарын көрсетті. Брейн-ринг қорытындысы бойынша 2 «А» курсы курсанттарынан құралған «Нұрсұлтан» командасы жеңіске жетті. Сайыстың үздік қатысушысы ретінде 2 «А» курс курсанты Юрий Володин анықталды.
Сайыс қорытындысы бойынша командалар грамоталармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.
ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.Нұрыш