2019 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» № 897 Қаулысына сәйкес, сонымен қатар «2019 жыл – Жастар жылы» және Ақтөбе қаласының 150 жылдығы қарсаңында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясымен өзара қарым-қатынас орнатуы жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Меморандум аясында жасөспірімдерді ішкі істер органдары жүйесіне мектеп жасынан баулу және тәрбиелеу, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында осындай кадет сыныбы Ақтөбе өңірінде алғаш рет ашылғалы отыр.
Аталған жоба оқушы-жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрби¬е¬леу¬ге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ны¬ғайту¬ға, заңды сақтауға, болашақ кә¬сіп¬ті таңдауға үлкен көмегін тигізеді. Оқушылар алдында бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін-ақ, мектеп қабырғасында мамандық таңдау туралы әңгіме қозғалып, жылына бірнеше мәрте осы тақырыпта шығарма жазылатындығы белгілі. Балалардың қиялынан туған туындыларда болашағын құқық қорғау саласымен байланыстырғысы келетіндері көптеп кездеседі. Қазіргі кезде де тәртіп сақшысы атанғысы келетіндер қатары азаймағаны анық. Келешегін құқық қорғау жүйесімен бірге елестететін жасөспірімдер өздері үшін арнайы ашылғалы тұрған кадет сыныбында келешек мамандығының қыры мен сырына қанығып, талабы мен тәртібін бала жасынан бойына сіңіріп өсетін болады.
Іс-шара барысында институт бастығы полиция полковнигі Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков Елбасы саясатының негізгі бағыттарының бірі – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Шара соңында мектеп-гимназия оқушылары патриоттық әндер шырқады, қатысушылар естелік фотоға түсті.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева