Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Дәріс» ақпараттық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Орталық Азиядағы абырой мен құқық» жобасы шеңберіндегі «Қауіпсіз көші-қон» дөңгелек үстелінің жұмысына қатысу

2019 жылғы 17 қыркүйекте Ақтөбе облысының Әкімдігінде «Дәріс» ақпараттық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы абырой мен құқық» жобасы шеңберінде «Қауіпсіз көші-қон» дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Л. Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның мүшесі Г.С. Наби, Орталық Азиядағы көші-қон бойынша халықаралық ұйымдардың аға кеңесшісі Ж.Жолдасбеков, Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы бойынша Қазақстандық халықаралық бюроның жетекшісі А.В. Муха, «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығының директоры Т.П. Острецова, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова және Ақтөбе облысы Прокуратурасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Ақтөбе қаласында нақты мекен-жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының,Ақтөбе облысы бойынша еңбек инспекциясының, Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің,Ақтөбе облысының Полиция департаментінің, Көші-қон қызметі басқармасының, Ақтөбе облысы Әділет департаментініңөкілдері қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Қ. Каримбаева мен «Көші-қонның және көші-қон процестерінің мемлекеттік-құқықтық негіздері» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша топ жетекшісі — ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.С. Салауатов қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты — Ақтөбе облысыныңқауіпсіз көші-қон мәселелерін, көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді, қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының Тұжырымдамасында баяндалғанбасты ережелерді,әртүрлі мемлекеттік органдардыңөзара іс-қимылыталап етілетін қауіпсіз көші-қон саласындағы негізгі проблемаларды және мигранттарға көмек көрсету бойыншаөңірде халықаралық бағдарламалар болмаған кезде әртүрлі мемлекеттік құрылымдар мамандарының өзара іс-қимыл алгоритмін, үнемі әрекетт ететін Ақтөбе облысының Әкімдігі жанындағы көші-қон сұрақтары бойынша консультативтік-кеңесші органды құру қажеттілігі мен мүмкіндігі мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстел пікірталас пен сындарлы диалог түрінде өтті, соңында аталған іс-шараның қорытындысы шығарылып, Орталық Азиядағы Көші-қон бойынша халықаралық ұйымдардың аға кеңесшісі Ж.Жолдасбеков қатысушыларға белсенділігі мен қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз бойынша серіктестігі үшін алғысын білдірді.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ. Каримбаева

 
04