2019 жылғы 3 қазанда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары және Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы полиция кадет классының оқушылары Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра «Жастар есірткіге қарсы» акциясын өткізді. Қаламызда есірткінің таралуын алдын-алу мақсатында заңсыз есірткі сатумен айналысатын телеграм каналдарының адрестері боялды.
Зор денсаулық, терең ой – жарқын болашақтың кепілі. Есірткіге жол жоқ!