2019 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған “Экстремизмсіз Қазақстан” тақырыбында дәріс өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу. Діни сала бойынша сарапшы Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы және блогер Яков Федоров сөз сөйлеп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар олармен кері байланысқа шықты.
Іс-шара соңында министрлік өкілдері қатысушыларғадіни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері мен басқа конфессия өкілдеріне толерантты көзқарас қалыптастыру бойынша жас спикерлерді дайындау курсыннан өткендігі жайында сертификаттар табыстады.