2019 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Омбы академиясымен бірге «Ресейдің және Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлерінің тікелей мәжбүрлеу шараларын құқықтық қолдану негіздері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (бейнеконференция форматында) өткізді.
Ресей ІІМ
Омбы академиясынан академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң
ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі М.В. Бавсун, ал Қазақстан
Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт
бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты
полиция полковнигі
Г.Ж. Сулейманова іс-шараны ашып, сөз сөйледі.
Аталған іс-шарада Ресей ІІМ Омбы академиясынан — атыс дайындығы кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Д.В. Пивоваров «Подготовка сотрудников полиции к действиям, связанным с применением огнестрельного оружия», ерекше жағдайлардағы ішкі істер органдарының қызметі кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі А.М. Баранов «Особенности документирования фактов применения физической силы, специальных средств и огнестрельного оружия», ерекше жағдайлардағы ішкі істер органдарының қызметі кафедрасының доценті, полиция аға лейтенанты М.А. Огородников «Актуальные проблемы подготовки сотрудников органов внутренних дел к взаимодействию при применении физической силы», атыс дайындығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Е.В. Зайцева «Право на применение оружия как элемент обеспечения личной безопасности сотрудника полиции» тақырыптарында баяндама жасады.
Қазақстан
Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан ғылыми-зерттеу
және редакциялық-баспагерлік қызметті ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция
подполковнигі А.К.Каримбаева «Правовые основы применения сотрудниками
огнестрельного и иного оружия, специальных средств и физической силы», ғылыми-зерттеу
және редакциялық-баспагерлік қызметті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы полиция
капитаны
Д.К. Каратикенова «Запреты и ограничения, связанные с применением специальных
средств и огнестрельного оружия», білім сапасын мониторингілеу және бақылау
бөлімінің оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты
Г.А. Байкунакова «Зарубежный
опыт использования специальных средств и огнестрельного оружия и возможность
его применения в Республики Казахстан»
тақырыптарында баяндама жасады. Қатысушылар аталған тақырыпқа
шынайы қызығушылық танытып, пікір алмасты және өзекті мәселелер мен жағдайларды
талқылады.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.Қ. Каримбаева