Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде, “Криминалистика” пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Н.А.Чупринюк 2019 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі сот-медициналық сараптама орталығының Ақтөбе филиалы базасында арнайы бастапқы оқыту курсының 5-9 – оқу тобының тыңдаушылары – ІІО-ға алғаш қызметке кірген адамдарға арналған көшпелі сабақ өткізілді.
Сабақ басталар алдында тыңдаушылар орталықтың құрылымымен, атап айтқанда, сот мәйіті, гистологиялық, биологиялық және криминалистикалық зертханалармен танысты. Экскурсиядан кейін 25 жылдан астам сараптамалық жұмыс өтілі бар 1 санатты сот-медициналық сарапшы Ч.Каленов нұсқаулық өткізіп, мәйіттің сот-медициналық сараптамасына кірісті.
Сабақ барысында сот-медициналық сарапшы Ч.Каленов сот-медициналық сараптама жүргізудің негізгі ережелері мен тактикалық тәсілдерін түсіндірді. Тыңдаушылар тақырып бойынша сұрақтар қойды, оларға мазмұнды және толық жауаптар берілді. Одан әрі тыңдаушыларға арнайы техникалық құралдар мен өлшеу құралдарының көмегімен мәйіттің денесінің фрагменттеріне антропологиялық өлшеу жүргізу, сондай-ақ мәйіттің дақтарын өзгерту тұрғысынан зерттеу жүргізу мүмкіндігі берілді. Ерекше белгілердің (шрам, туғандақтар, татуировкалар) болуына ерекше назар аударылды.
Практикалық сабақтың педагогикалық мақсатына толық қол жеткізілді. Тыңдаушылар мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізу әдістері мен танысып, шұғыл тергеу әрекеттерін, сот-биологиялық және гистологиялық зерттеулерді жүргізу туралы ұсыныс алды.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы