Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тағы да бір кадет сыныбы ашылды

2019 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» № 897 Қаулысына сәйкес,  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  мен Ақтөбе қаласы М.Дулатов атындағы  №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі арасында өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған мектептің 5-сынып оқушыларынан 25 оқушы  «Жас сақшы» полиция кадет сыныбына қабылданып, ант қабылдау рәсімі өткізілді. Жобаның басты міндеті — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, заңдылықты сақтауға баулу, болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету болып табылады.

Салтанатты шара кадеттердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, «Курсанттың 1 күні» видеоролигі көрсетілді.

Шара соңында шақырылған қонақтар естелік фотоға түсті.

ТЖБ инспекторы

М.Тасбулатова

 
IMG_0095 02212018