- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылыми қызмет
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- PLATONUS
- Библиотека
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты
Институттың ғылыми-зерттеу жұмысына институт басшылығы, күндізгі оқыту факультетінің, кәсіби және қосымша білім беру факультетінің, институт кафедраларының қызметкерлері белсене араласады.
Институттың ғылыми қызметінің мәні кафедраларға ғылыми және тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, викториналар, дебаттар өткізуде және ҒЗЖ нәтижелерін оқу үрдісіне енгізуде әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Институт қызметкерлерінің көпшілігінде бір немесе екі жоғары білімі және мол тәжірибесі бар. Білім беру сапасын жақсарту мақсатында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік құралдар және оқу-әдістемелік жиындар мен конференцияларға баяндамалар дайындайды.
Тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында тренингтер, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, ситуациялық тапсырмалар жинағы қолданылып, ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері шақырылады.
Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің тапсырысы бойынша ізденіс тақырыптары аясында, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басым бағыттары бойынша дербес бастамасымен келесі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда:
Бүгінгі таңда институтта 1- ғылым докторы, 6 – ғылым кандидаты,
1- (PhD) докторы және 23 заң ғылымдарының магистрі, сонымен қатар 4 спорт шебері, 15 полковник пен 23 подполковник өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісуде. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ бағыты бойынша магистратурада 1 қызметкер (1-курста), (PhD) доктарантурада 3 қызметкер (2-курста -2; 1-курста-1), адъюнктурада (РФ) – 2 қызметкер (екеуі де 1-курста) білім алуда.
Сонымен бірге, ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу институттарымен және еліміздің халықаралық ұйымдарымен және алыс-жақын шетелдермен ғылыми байланыстарымыздың өрісі кеңейіп келеді. Атап айтсақ, институттың ғылыми әлеуетін бекіту және достықты әрі халықаралық серіктестікті нығайту мақсатында Әзірбайжан Республикасы ІІМ Полиция Академиясымен; Беларусь Республикасы ІІМ Академиясымен және Ресей Федерациясы ІІМ-нің ЖОО-Волгоград академиясымен, Омск академиясымен, Орал заң институтымен, сонымен қатар Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетімен білім беру және ғылыми қызмет саласында хаттамаларға қол қойылды. Алдағы уақытта Тәжікстан Республикасы ІІМ Академиясымен, Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтымен, Ресей ІІМ Шығыс Сібір институтымен, Ресей ІІМ Ростов заң институтымен, Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетімен, Ресей ІІМ Барнаул институтымен, Ресей ІІМ Краснодар университетімен және Ресей ФСИН Академиясымен серіктестік жөнінде келісім шартқа қол қою жоспарлануда.