2017 жылғы 21-22 қарашада Қазақстан Республикасы «Тұнғыш Президенті» және «Тәуелсіздік күні» мерекесін өткізу қарсаңында ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында жеке құрамы арасында волейболдан жарысы өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында институт бастығы полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев сөз сөйледі.
Жарыстың ережелерімен институттың профессорлық-оқытушылық құрамына «Әскери және дене шынықтыру даярлығы» кафедрасының оқытушылары таныстырды.
Институттың жеке құрам арасындағы волейбол жарысына 7 команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша бәсекеге түсті. Жарыста ең көп ұпай санымен «Астана» командасы алға шықты, 2-ші орынға «Күзет» командасы, 3-ші орынға «Спартак» командасы иеленді.
Осы волейбол жарысында «Үздік шабуылдаушы» номинациясына ие болған «Арлан» командасының ойыншысы «Қылмыстық құқық және криминалистика» кафедрасының бастығы полиция полковнигі Сейтенов Аслан Жолашевич, «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған «Спартак» командасының ойыншысы «Әскери және дене шынықтыру даярлығы» кафедрасының доценті полиция полковнигі Үмбетбаев Қайрат Досжанович, «Үздік байланыстырушы» номинациясына ие болған «Жалын» командасының ойыншысы «Жалпы құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Абишев АйдарАбишевич.
Жарыстың соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Сәлімгерей Иманғалиұлы Қаракүшев жеңіске жеткен командаларды мақтау қағазымен марапаттады.
ӘжДШД кафедрасының
оқытушысы
полиция аға лейтенанты Ж.Қ. Қаирбаев
ӘжДШД кафедрасының
оқытушысы
полиция аға лейтенанты Н.А.Таласбаев