2018 жылдың 6 ақпанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қоғамда қалыптастыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге дайындық барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев пен Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының бастығы полиция генерал-майоры А.П.Нахимов арнайы бағдарлама бекітті. Сонымен қатар, бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарына пресс-релиз дайындалып жіберілді, институт фойесінде дөңгелек үстел тақырыбы көрсетілген арнайы баннер орнатылды.
Онлайн-режимде өткізілген дөңгелек үстелге Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы және институттың курсанттары қатысып, құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қоғамда қалыптастыру бойынша күрделі сұрақтар және құқықтық мәселелер талқыланды.
Өткізілген шараның модераторлары Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.А.Аюпов және Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының оқу үрдісін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары полиция полковнигі П.В.Колесников болды.
Шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев және Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты бастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Е.А.Пастушкова ашып, өздерінің құқық қорғау саласындағы құқық қолданушылық және білім беру қызметіндегі орын алған екі жақты ынтымақтастыққа ризашылықтарын білдірді.
Шараның өту барысында өздерінің баяндамаларымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ж.А.Аюпов, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А.М.Купенов, Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма прокуроры 1-сыныпты заңгер Б.А.Ешмагамбетов, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны А.А.Куримбаев,Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты әкімшілік құқық кафедрасының бастығы заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Н.В.Полякова,Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институты ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының бастығы заң ғылымдарының кандидаты, полиция майоры К.Д.Рыдченко, Ресей ІІМ Воронеж облысының режимдік нысандар бойынша аймақаралық бөлімінің бастығы полиция полковнигі Р.В.Никулин қатысты.
Шараның соңында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Ж.Сулейманова дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру қажет екендігін атап көрсетті.
ӘҚ және ІІО ӘҚ
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.С.Махмутов