Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Әкімшілік құқықтың біліктілері» халықаралық on-line режиміндегі викторина

2018 жылдың 08 ақпанында әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының апталығы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 Б курсы және Ресей ІІМ Воронеж институтының курсанттары арасында  «Әкімшілік құқықтың біліктілері» тақырыбында халықаралық on-line режиміндегі викторина өткізілді.

Шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  полиция подполковнигі Г.Ж.Сүлейманова ашып, қатысушыларға викторинаның мақсатын түсіндіріп, Ресей ІІМ Воронеж институтының қызметкерлерін және курсанттарын Ресей ғылымының күнімен құттықтады.

Викторина 3 турдан, яғни, қатысатын командалар таныстырылып, ғылыми ойын (сұрақ-жауап ретінде) нормативтік-құқықтық актілерді пайдалана отырып, ситуациялық тапсырмаларды шешу бойынша өткізілді. Пікір сайыс кезеңінде курсанттар пәндер бойынша тек  білімдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, мәселені шешу бойынша басқа да ғылыми-құқықтық тәсілдерді қолдана алды.

Викторинаны  әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М.О.Избасов жүргізді, ал курсанттардың берген сұрақтарын әділ қазы мүшелері Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының доценті полиция подполковнигі Л.С.Маланьина, Ресей ІІМ Воронеж институтының әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы з.ғ.к., полиция майоры К.Д. Рыдченко, Ресей ІІМ Воронеж институтының әкімшілік құқық кафедрасының бастығы з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі Н.В.Полякова бағалады.

  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ресей ІІМ Воронеж институтының курсанттары бірдей ұпай жинағандықтан жүлделі 1-ші орынды тең бөлісті.

Аталған шара институт қабырғасында халықаралық викторина ретінде алғаш рет өткізілгендіктен, оған дайындық өте тиянақты жүргізілді. Атап өтерлігі әкімшілік құқық пәнінен өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қамтылды.

Халықаралық on-line режиміндегі викторина өткізу арқылы педагогикалық қызметті кеңінен жетілдіріп, білім алушыларға пәнге қызығушылық таныту мақсатында олдардың біліктіліктерін көтеру үшін аталған шараның маңызы ерекше орын алады. Сонымен қатар, әкімшілік-құқықтық мамандандырылу бойынша білім алушылар үшін  Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары оқу орындары курсанттарының қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күнделікті тәжірибелік қызметте өздерінің қызметтік міндеттерін заңдылық тұрғысынан орындауға машықтандыру үшін қажет.

Қорытынды сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  полиция подполковнигі Г.Ж.Сүлейманова викторинаға қатысқан курсанттарға алғысын білдірді және жүлдегерлерге дипломдар табыстады.

 

ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры                                                  

А.С.Махмутов