2018 жылдың 5-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі (әрі қарай ӘҚ және ІІО ӘҚ) кафедрасының апталығы өткізілді.
Жоспарланған шара аясында ақпараттық баннер дайындалып, ол институт фойесінде орнатылды.
Өткізілген шараның мақсаты – білім алушылардың оқытылып жатырған пәндерге қызығушылығын дамыту және білім деңгейлерін жоғарылату, курсанттарды өзіндік шығармашылық машыққа баулу, сонымен қатар, оқытушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату.
Апталықтың міндеттері:
1.Кәсіби уәкілеттілікті қалыптастыру.
2.Жақын шет елдердің ЖОО-ның жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу.
3.Құқық бұзушылық профилактикасының нысандарын және тәсілдерін тәжірибеде қолдану.
4.Институт курсанттарының құзыреттілік зерттеулерін қалыптастыру.
5.Курсанттардың және тыңдаушылардың танымдық белсенділігін көтеру.
Апталықтың жоспарына институт курсанттарын болашақ мамандықтарына қызықтыру мақсатында шетелдік ЖОО-мен қатынас орнату шаралары қосымша енгізілді.
Апта ішінде өткізілген викториналарды, байқауларды, дөңгелек үстелді және өзге де шараларды кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының кез келген уақытта өткізуге қауқарлы екендігіне, сонымен қатар, курсанттардың өз беттерінше шешім қабылдап, кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушыларының тәжірибесіне сүйене отырып,өздерінің біліктіліктерін жетілдіруге мол мүмкіншіліктері бар екендігіне көз жеткізуге болады.
2018 жылғы 5 ақпанда әскери және қызметтік дайындық аясында институт акт залында ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасы апталығының ашылу салтанаты болды.
2018 жылғы 6 ақпандасағат 15:00-де Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтымен «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қоғамда қалыптастыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге дайындық барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшевпен Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының бастығы полиция генерал-майоры А.П.Нахимов арнайы бағдарлама бекітті. Сонымен қатар, бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарына пресс-релиз дайындалып жіберілді, институт фойесінде дөңгелек үстел тақырыбы көрсетілген арнайы баннер орнатылды.
Онлайн-режимде өткізілген дөңгелек үстелге Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы және институттың курсанттары қатысып, құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қоғамда қалыптастыру бойынша күрделі сұрақтар және құқықтық мәселелер талқыланды.
7 ақпан күні 1 «Б» курсының курсанттары арасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-450 баптары бойынша ең үздік толтырылған әкімшілік құжаттарды анықтау мақсатында сайыс өткізілді.
Екінші курста курсанттар үшін дайындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша бейнероликтер көрсетілді.Шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың жасалуының негізгі себептерін көрсету; білім алушыларды құқық бұзушылықтар бойынша өз беттерінше шешім қабылдауға машықтандыру.
2018 жылдың 08 ақпанында әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының апталығы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 Б курсы және Ресей ІІМ Воронеж институтының курсанттары арасында «Әкімшілік құқықтың біліктілері» тақырыбында халықаралық on-line режиміндегі викторина өткізілді.
Шараны Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Г.Ж.Сүлейманова ашып, қатысушыларға викторинаның мақсатын түсіндіріп, Ресей ІІМ Воронеж институтының қызметкерлерін және курсанттарын Ресей ғылымының күнімен құттықтады.
Викторина 3 турдан, яғни, қатысатын командалар таныстырылып, ғылыми ойын (сұрақ-жауап ретінде), нормативтік-құқықтық актілерді пайдалана отырып, ситуациялық тапсырмаларды шешу бойынша өткізілді. Пікірсайыс кезеңінде курсанттар пәндер бойынша тек білімдерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, мәселені шешу бойынша басқа да ғылыми-құқықтық тәсілдерді қолдана алды.
9 ақпан күні Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәні бойынша «Құқық танушы» викторинасы өткізіліп, бірінші курстың «Арыстан» және «Барыс» командалары сайысқа түсті. Викторина 2 турдан құрылды. Бірінші тур бойынша командалар бір-біріне сұрақтар қойып жауаптар берілді, ал екінші тур бойынша командаларға дұрыс жауап нысанын табу мақсатында тест сұрақтары таратылды.
Викторинаның өткізілуі педагогикалық қызметті кеңінен жетілдіріп, білім алушыларға пәнге қызығушылық таныту мақсатында олардың біліктіліктерін көтеру үшін аталған шараның маңызы ерекше орын алады.
Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы апталығының қорытындысын жариялау және оған белсенді қатысқандарды марапаттау шаралары 10 ақпан күні болды.
Бір сөзбен айтқанда, өткізілген шара барысында институттың білім алушылары оқытылып жатырған пәндер бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін және машықтарын көрсете алды.
Әрбір өткізілген шаралар бойынша белсенді қатысушылар грамоталармен және арнайы үлгідегі сертификаттармен марапатталды.
ӘҚ және ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.С.Махмутов