Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының курсты аяқтауы

 

2018 жылғы 29 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында МКҚБ аға инспекторлары, инспекторлары біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Біліктілікті арттыру курсында оқу процесі бекітілген оқу және тақырыптық  жоспарлар негізінде өткізілді.

Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін Ақтөбе  қаласының  құқық  қорғау органдары мен өзге де  мекемелеріне тысқа шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі    М. Избасов Ақтөбе облыстық ІІД жедел басқару орталығына және Ақтөбе облысы МКҚБ апарып, олардың жұмыстарымен таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабақтарын өткізді. Сабақ барысында оларға жаңа техниканың жетістіктері мен қызметтік  мүмкіндіктері  туралы  кең  мағлұмат берілді.

Сабақтан тыс уақытта тыңдаушылар институт кітапханасында өз біліктіліктерін шыңдаса, оларға патриоттық тұрғыдан тәрбие беру мақсатында тыңдаушылар Есет батыр атындағы мемориалдық кешенге,         Т.  Ахтанов атындағы облыстық драма театрына, А. Молдағұлова атындағы және институт мұражайларына барды.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 6 ақпанда біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары  институт ҒЗжРБЖҰБ-ның, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының, РФ ІІМ Воронеж институтының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында өткізілген халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Курс аяқталған соң, тыңдаушылар  оқылған тақырыптар бойынша тесттік сұрақтарға  жауап беріп, аталған курсты оқып, аяқтағандығы туралы сертификаттар алды.

 

КжҚБФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

А. Сагинтаева

 
DSC01734