Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын және 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа жаңғыру: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты латын әліпбиін мемлекеттік тілге енгізу және курсанттар арасында үштілділікті дамыту саласында нақтыланған жұмыстар өткізуде.

2018 жылдың 15 ақпанында жергілікті сағат 15:00 – де Ақтөбе қаласы жоғарғы оқу орындарының (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті), Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының  тілдерді дамыту орталығының және де Ақтөбе қаласының Ішкі істер департаменті өкілдерінің қатысуымен, сонымен қатар, профессорлық – оқытушылық құрамының, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары мен курсанттарының (Қазақстан Республикасы облыстарына қарасты Ішкі істер департаменті мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (МКҚБ) қызметкерлері) қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты қатысушыларды қазақ алфавитінің жаңа енгізілімдерімен таныстыру, курсанттар мен тыңдаушыларға латын қарпін үйрету жолдарының оқу әдістемелеріне қатысты  ой алмасу, жаңа қазақ алфавитін игерудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру  және де танымдық қызығушылыққа ынталандыру.

 

 ЖББ кафедрасының басшысы

полиция полковнигі                                                                                                      

 А.Ф. Саттарова