Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институтта жаңғырған дәстүр

Батыс халқы бүгінгі күнді елден ерек қарсы алады. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, «Бір жасыңмен» дейді. Ол: «Бір жасқа есеюіңмен! Қыстан аман-есен шығуыңмен» дегенді білдіреді. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін айқара ашып, шаңырақта міндетті түрде дастархан жайылады. Ренжіскен адамдар татуласып, араздық ұмытылады.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Осындай шуақты күні, яғни 2018 жылғы 14 наурызда дәстүрді жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтында қызметкерлер мен курсанттарға арналып бауырсақ

пісіріліп,    ілтипат      көрсетілді.

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева

 
11 01268047