2018 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары мен тыңдаушылары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Жарыстың ережелерімен әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары таныстырды.
Жарысқа 4 команда қатысты. Волейбол жарысында әр команда ойыншылары жеңіске деген үлкен талпыныстарын көрсетті. Жарыста ұпай санымен «Интер» командасы алға шықты. 2-ші орынды «Бірлік» командасы және 3-ші орынды «Барыс» командасы иеленді.
Жарыстың жеңімпаздарымен жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Н.А. Таласбаев