Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Ғылым жастар көзімен» атты курсанттарға арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы

2018 жылғы  11 мамырда  Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ғылым жастар көзімен» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған Конференцияға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының                       1 Б курсының  курсанттары қатысып, нәтижесінде 1 Б курсының 103-оқу тобының курсанты Жасулан Байменов «Үздік баяндама жасағаны үшін» II дәрежелі дипломымен, 1 Б курсы 102-оқу тобының курсанты Ғалымжан Кәбір «Үздік баяндама жасағаны үшін» грамотасымен, 1 Б курсы 103-оқу тобының курсанты Алмат Балдеков «Баяндаманың өзектілігі үшін» грамотасымен марапатталды. Курсанттар  курс бастығының  орынбасары полиция капитаны Шынғыс Елтаевтың жетекшілігімен барды.

Конференцияны Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына Қазақстан Республикасы ІІМ ведомостволық оқу орындарының курсанттары және Ресей Федерациясының оқу орындары курсанттары қатысты. Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы соңында қатысушыларға арналып концерттік іс-шара өткізілді.

 

Курс бастығының орынбасары

полиция  капитаны

Ш.Т.Елтаев